2025 жылғы 15-қаңтар күні Қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырысы өткізілді.
Күн тәртібінде:
1. Мектеп директорының міндетін атқарушы — Раш Шахеризада Мухтаровнаның алғы сөзі
2. Қамқоршылық кеңес мүшелерін таныстыру, кеңес төрағасын, орынбасарын, есепшісін және хатшысын сайлау
3. Біртұтас тәрбие бойынша мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі — Баукенова Жазира Алтаевна
4. Жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек алған отбасылар: оқушыларды тегін тамақпен қамту жұмыстарымен таныстыру — Көшек Жұмагүл Мырзатаевна
5. Әр түрлі
Мектеп директорының міндетін атқарушы Раш Шахеризада Мухтаровна жиналысты ашып, Қамқоршылық кеңесінің маңыздылығын атап өтті. Кеңестің мектептің дамуына қосатын үлесін, оқушылардың мүддесін қорғаудағы рөлін баса айтып, осы оқу жылындағы жоспарланған жұмыстармен таныстырды. Мектеп әкімшілігі қамқоршылық кеңеске есеп берді. Сондай-ақ, кеңестің алдында тұрған негізгі міндеттер мен мақсаттарды атап өтті.
Кеңес мүшелері бір-бірімен таныстырылды. Ашық дауыс беру арқылы кеңес төрағасы болып Мусин Адильбек Бижанович, есепшісі болып Жолумбетова Меруерт Маратбековна, хатшысы болып Хисматулина Ильмира Гумаровна сайланды. Сайлау нәтижелері хаттамаға жазылды.
Құжаттама
Аты | Түрі мен өлшемі | |
---|---|---|
PDF Scanner 110225 9.08.21 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |
PDF Scanner 110225 9.06.278 | ![]() |
Қараңыз Жүктеу |